Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Сексеуілді заңсыз тасымалдағандар ұсталды

Қызылорда облысында заңсыз сексеуіл тасымалдаған жүк көлігі анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

15 қаңтар күні сағат 11:15 шамасында Қызылорда облысы Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасының табиғатты қорғау тобының және “Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы” мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері бірлесіп, Қызылорда қаласы аумағында күдік тудырған “Газель” жүк автокөлігін тоқтатқан.

Тексеру барысында, көліктің жүк салғыш қорабына заңмен кесуге тыйым салынған сексеуіл өсімдігінің тиелгендігі анықталды. Автокөлік айыппұл тұрағына қойылды.

Қазіргі уақытта ҚР ӘҚБтК-нің 389-бабының (Жабайы жануарлар мен өсімдіктердің түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын заңсыз иемдену, өткізу, алып өту, әкелу, әкету, сақтау (ұстау) талаптарына сәйкес кінәлі тұлғалардың жауапкершілігі қаралуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру