Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанай облысы ПД-да Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне арналған салтанатты іс-шара өтті

Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне арналған салтанатты іс-шара Қостанай облысы ПД алаңында Ұлы Отан соғысы жылдарында және бейбіт уақытта қаза тапқан ІІО қызметкерлері ескерткішінің алдында өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қайтыс болған соғыс батырларын бір минут үнсіздікпен еске алғаннан кейін, ескерткішке гүл шоқтары қойылды.

Қостанай облысы ПД бастығының орынбасары Дүйсембай Байбосынов ардагерлер мен жеке құрам алдында сөйлеген сөзінде қазақстандықтар Ұлы Отан соғысы жылдарында батырлық пен ерлік көрсеткендерін атап өтті. Ерен ерліктері үшін 500 отандасымыз Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды, 110-ы үш дәрежелі Даңқ орденімен марапатталды. Жауынгерлік дәстүрлер мен батырларды құрметтеу қазір де жалғасуда. 1992 жылдан бастап 7 мамыр тәуелсіз Қазақстанның тарихи күніне айналды.

Жеке құрам алдында ҚР Ішкі істер министрі М.М.Ахметжановтың құттықтау сөзі айтылды.

– Барлық ардагерлерді, ішкі істер органдарының қызметкерлерін, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерін Отан қорғаушылар күнімен және Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 78 жылдығымен құттықтаймын! Екі мерекенің қатар жүретіні өте маңызды. Бұл жеңіске жеткендердің әскери дәстүрлері мен Отан қорғаушылардың қазіргі ұрпағының сабақтастығын көрсетеді! Баршаңызға зор денсаулық, амандық, бейбітшілік және Отанымыз – Қазақстан Республикасының игілігі үшін қызметте табыс тілеймін!, – деді Дүйсембай Байбосынов.

Алдағы мерекеге орай облыстың полицейлері Ербосын Байтеміровке, Абылай Мекебаевқа, Данияр Дәндібаевқа арнайы атақтар берілді. Сондай-ақ “Ішкі істер органдарының үздігі” төсбелгісімен Рудный ПБ жедел басқару кезекші орталығының аға инспекторы Рысбек Такиров, “Қазақстан полициясына 30 жыл” медалімен Қостанай қаласы ПБ бастығының орынбасары Ербол Кәкенов, ҚР ІІМ грамотасымен есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының орынбасары Аят Қартбаев марапатталды.

Бұл күні ҚР Президентінің 2023 жылғы 5 мамырдағы №211 жарлығымен Қостанай облысы ПД бастығы Ерлан Омарбековке полиция генерал-майоры кезекті арнайы атағы берілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру