Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанай облысында күштік құрылымдар арасында шағын футболдан турнир ұйымдастырылды

Қостанай облысында күштік құрылымдар арасында шағын футболдан өткен турнирде полицейлер үздік атанды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қостанай облысында Ұлттық қауіпсіздік органдарының ардагері, генерал-майор Михаил Дауеновты еске алуға арналған шағын футболдан турнир өтті. Бұл турнир спортты насихаттауға және жастар арасында патриоттық құндылықтарды нығайтуға бағытталған іс-шара болды. Оған облыстың түрлі күш құрылымдарынан тоғыз команда қатысты. Қатысушылар: полиция департаменті, шекара қызметі, қылмысты- атқару жүйесі департаменті, ҰҚКД, прокуратура, экономикалық тергеу департаменті, ТЖД, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет және ҚР ІІМ Қостанай академиясы.

Қостанай облысы полиция департаментінің футбол командасы турнирдің барлық кезеңінде үздік нәтиже көрсетті. Алғашқы ойындарда команда шекара қызметі департаменті мен ҚАЖД командаларымен кездесіп, әр қайсысын 2-0 есебімен жеңді. Содан кейін жартылай финалда полиция департаменті ҚР ІІМ Қостанай академиясынан 5:2 есебімен басым түсті.

Соңғы ойын нағыз финалға татитын тартысқа толы болды. Полиция департаменті мен ҰҚКД командалары арасындағы кездесу негізгі уақытта гол соғылмай аяқталды — 0:0. Алайда пенальти сериясында полицейлер басым түсіп, 3-2 есебімен жеңіске жетті.

Турнир қорытындысы бойынша Қостанай облысы полиция департаментінің командасы бірінші орынды иеленді. Екінші орын ҰҚКД командасына бұйырды, ал үздік үштікті ТЖД командасы түйіндеді.

Ал "Үздік ойыншы" атағын Қостанай облысы ПД ЖҚАЖ қызметкері Әсет Кужамбетов алды. Оның шебер техникасы мен жарқын шабуылдары турнирдің сәніне айналды. Сондай-ақ "Үздік қақпашы" атағын ПД ЖҚАЖ қызметкері Андрей Герфорт иеленді, ол барлық ойындарда өз командасының қақпасын сенімді қорғады.

Бұл турнир Қостанай облысының күш құрылымдарының қызметкерлері арасында спорттық дәстүрлерді дамытудағы маңызды қадам болды және біздің еліміздегі командалық жұмыстың, дене шынықтыру дайындығы мен патриотизмнің маңыздылығын тағы да атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру