Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанай облысында полицейлер бірнеше ұрлыққа қатысы бар деген күдіктіні ұстады

Қостанай облысында полицейлер бірнеше ұрлыққа қатысы бар деген күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында полицейлер бұрын сотталған 32 жастағы Тобыл қаласының тұрғынын анықтап, ұстады.

Жәбірленуші облыс аумағында пәтер ұрлығының 4 дерегін жасады деп күдіктеліп отыр. Ол терезелерді бұзу арқылы үйлерге кіріп отырған.

Мәселен, Заречный ауылында ол жеке үйге кіріп, Sony Playstation екі ойын консолін және 100 мың теңге сомасында ақшасын ұрлап кетті. Тобыл қаласында үй иесінен 10 млн теңгенің зергерлік бұйымдарын ұрлап әкетсе, басқа үйден 500 мың теңгенің ақшалай қаражаты мен алтынын ұрлап кеткен.

– Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында бұрын сотталған 32 жастағы ер адамды ұстады. Ол негізінен жеке үйлерде ұрлық жасаған. Ұрланған екі Sony Playstation ойын консолі зергерлік бұйымдар ішінара тәркіленіп, қылмыстық іс материалдарына қоса тіркелді, – деді Қостанай облысы ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Ербол Қайырбеков.

Полиция ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі бойынша (Ірі көлемде жасалған ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Оған 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру