Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанай облысында полиция елікті атқан браконьерді ұстады

Қостанай облысында полиция елікті атқан браконьерді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұл әрекет үшін мүлкі тәркіленіп , белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, үш жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі ең жоғары қылмыстық жаза қарастырылған.

18 ақпанда Алтынсарин ауданының аумағында табиғат қорғау полициясының қызметкерлері Қостанай облыстық аңшылар мен балықшылар қоғамының қорықшысын тарта отырып, бірлескен рейд ұйымдастырды. 

Олар 61 жастағы ер адамның басқаруымен қарда жүретін көлікті тоқтатты. Тексеру кезінде екі елік ұшасы, сондай-ақ тіркелмеген мылтық табылды.

– Заңсыз аң аулау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды, – деді Қостанай облысы ПД табиғатты қорғау полициясының бастығы Алимгазин Газрет.

Қостанай облысының ПД-да азаматтарға “Браконьер” жедел-профилактикалық іс-шараның өткізілуі туралы еске салады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру