Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанай облысында шетелдік көліктерді заңдастыратын көшпелі комиссия жұмысын жалғастыруда

Қостанай облысында шетелдік көліктерді заңдастыратын көшпелі комиссия жұмысын жалғастыруда, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жітіқара қаласында бір күнде көшпелі комиссия 142 шетелдік автокөлікті тексерді.

Естеріңізге сала кетейік, осы айдың басынан бастап Қостанай облысының шалғай өңірлерінде шетелдік көліктерді заңдастыру жөніндегі көшпелі комиссия жұмыс істей бастады. Мұндай шешім Қостанай облысы ПД бастығы Ерлан Омарбековтың халықпен есептік кездесуінде келіп түскен сұрақтардан кейін қабылданды. Сол кезде ведомство басшысына шалғай аудандардың тұрғындары осындай жұмыстарды жергілікті жерлерде жүргізуді сұрады.

– Алдымен комиссия Арқалық қаласына барды. Онда бір күнде 90 шетелдік автокөлік тексерілді. Содан кейін Жітіқара қаласында өткізу туралы шешім қабылданды. Бұл шетелде тіркеуде тұрған көліктердің саны көп шалғай елді-мекендердің бірі. Мұнда 142 көлік тексерілді, – деп атап өтті Қостанай облысы ПД әкімшілік полиция бастығы Сымбат Төребеков.

Автокөлік иелері полицейлерге көлікті жергілікті жерде заңдастыруға мүмкіндік бергендері үшін алғыстарын білдірді. Себебі енді темір тұлпарларын Қазақстан аумағында тіркеу үшін облыс орталығына барудың қажеті жоқ.

Мәселен, Жітіқара тұрғыны Людмила Стяжкина полицейлердің жұмысына өз бағасын беріп, бұл өзекті мәселенің тиімді шешу жолы екендігін атап өтті.

– Облыс орталығынан алыс орналасқан елді-мекендерде осындай жұмыстарды ұйымдастырып жатқан Қостанай облысының полиция департаментіне алғысымды білдіремін. Бұл біз үшін өте ыңғайлы және тиімді. Себебі,бізге енді Қостанай қаласына барудың қажеті жоқ. Мұнда біз өз тұрғылықты жерімізде көлігіміздің қазақстандық есепте тұрғаны туралы қажетті құжаттарды алдық, – деді ол.

Аудан орталығының тағы бір тұрғыны, автокөлік жүргізушісі Қайрат Тентеков өзінің көлігін жедел қарап шыққан полицейлерге алғысын білдірді.

– Қыс мезгілінде ауа райының қолайсыздығына байланысты облыс орталығына заңдастыру рәсімінен өту үшін бара алмадым. Ал көктемнің келуімен полицейлердің өздері бізге келіп, қатты қуандық. Өйткені бұл менің уақытымды үнемдеп қана қоймай, жол шығындары да болмады, – деп атап өтті Қайрат Тентеков.

Науқан басталғаннан бері Қостанай облысында шетелдік көліктерді заңдастыру аясында 4500 автокөлік есепке қойылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру