Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Телефонына арнайы бағдарлама орнатпақ болған ақмолалық ақшасынан айырылды

Телефонына арнайы бағдарлама орнатпақ болған ақмолалық ақшасынан айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

10 сәуір күні Щучинск қаласының 33 жастағы тұрғыны ағымдағы жылдың 28 наурызында бұрыннан таныс адам оның 20 мың теңге көлемінде қаражатын алаяқтық жолмен иемденгені туралы арызбен полицияға жүгінген.

Жәбірленуші жас жігітпен танысқан, ол әңгіме барысында төмен ақыға зардап шегушінің ұялы телефонына бағдарлама орнатуды ұсынған, оның көмегімен танымал такси қосымшасындағы өтінімдерді басқа жүргізушілерден бұрын қабылдауға болған.

Ақмолалық бұл ұсынысқа қызығушылық танытып, облыс орталығында бейтаныс адамға 20 мың теңге мен ұялы телефонын тапсырған. Алайда, белгіленген мерзімде телефон да, уәде етілген бағдарлама да болмаған.

Осы дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында облыс орталығының 28 жастағы тұрғыны анықталды, оның алаяқтық әрекеттерге қатысы тексеріліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру