Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанай полицейлері 20 келіден астам марихуана тәркіледі

Қостанай полицейлері 20 келіден астам марихуана тәркіледі,-деп хабарлайды Polisia.kz

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында есірткінің ірі партиясы, 20 келіден астам марихуана тәркіленді. Қостанай облысының аумағында “Рефлекс” жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізілуде. Мақсаты – есірткі құралдары мен синтетикалық психоактивті заттардың заңсыз айналымына қарсы күресті күшейту. Арнайы операцияның егжей-тегжейлерін Facebook желісінде Қостанай облысы Полиция департаментінің бастығы Ерлан Омарбеков хабарлады.

– 8 қарашада жедел-іздестіру іс-шаралары барысында “Бүркіт” арнайы жасақтарының қатысуымен бір мезгілде есірткі саудасымен айналысты деген күдікпен Қостанай қаласының бес тұрғыны ұсталды. Ұсталғандардың бірінің үйінен 45 оралған полиэтилен байламы, сондай-ақ ерекше иісі бар жасыл түсті заты бар көлемді қап тәркіленді. Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы шамамен 20 келі болды. Әрі қарай тексеру кезінде арнайы жабдықталған екі жылыжай бөлмесі табылды. Онда қарасора өсімдіктері топырақ қосылған құмыраларда жарықтандыру шамдарының астында өсірілді, – деп түсіндірді Ерлан Омарбеков.

Кейін ұсталғандардың бірінің балконында қарасора өсіруге арналған плантация анықталды. Балконның қабырғалары шағылыстыратын матамен қапталған, бөлме жылытқыштармен, жарықтандыру құрылғыларымен және желдеткішпен жабдықталған, 9 құмырада марихуана өсірілді.

– Осы факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабы (Есірткі құралдарын өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктілерге қатысты қамауға алу бұлтартпау шарасы таңдалды, – деп жалғастырды Қостанай облысы ПД бастығы.

Биыл 200 келіден астам түрлі есірткі, оның ішінде 555 грамнан астам героин, 18 келі 450 грамм гашиш, 1 келіден астам синтетикалық препараттар заңсыз айналымнан алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру