Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанайда “Браконьер” ЖААІШ аясында 88 аңшы мен балықшы жауапқа тартылды

Қостанайда “Браконьер” ЖААІШ аясында 88 аңшы мен балықшы жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz

“Браконьер” ЖААІШ шеңберінде табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері Науырзым ауданының аумағында заңсыз аң аулау фактісін анықтады.

Буревестник ауылында рейд барысында жануарларды заңсыз атты деген күдікпен 64 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. Тұрғын емес үй-жайда полицейлер борсықтың 12 терісін, түлкінің бес терісін және қарсақтың бір терісін тәркіледі. Күдіктінің аңшылық мылтығы мен оқ-дәрілері де табылды.

Ер адам осы күзде аудан аумағында жабайы аңдарды аулағанын, аң аулауға құжаттары жоқ екенін, қару-жарақ тіркелмегенін айтты.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Естеріңізге сала кетейік, 20 қазаннан бастап облыста “Браконьер” жедел алдын алу іс-шарасы өтуде. Осы уақыт ішінде Қостанай облысы ПД табиғатты қорғау полициясы заңсыз аң аулаудың екі фактісін, сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жануарларға, олардың бөліктері мен дериваттарына заңсыз қараудың бір фактісін анықтады. Әкімшілік тәртіпте 88 аңшы мен балықшы жауапқа тартылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру