Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда полиция қызметкерлері көлік ұрыларын ұстады

Алматыда полиция қызметкерлері кезекті көлік ұрыларын ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz

Қонаев калалық ПБ кезекші бөліміне жергілікті тұрғын қарашаның 8-нен 9-на қараған түні Қонаев қаласы шағын ауданының аулаларының бірінен Toyota Caldina автокөлігін айдап әкеткен белгісіз тұлғаларға қатысты шара қабылдау туралы жазбаша арызданған.

– Аталған ақпаратты алғаннан кейін жедел-тергеу тобы жедел-іздестіру іс-шараларына кірісті. Нәтижесінде күдікті екі жергілікті тұрғынның ізіне түсуге мүмкіндік туды. Тінту барысында ұрланған көлік Алматы облысы Балқаш ауданының аумағындағы жеке үйден табылды, – деп хабарлады полиция.

Ұсталғандар биылғы жылдың қараша айының басында қала аулаларының бірінде шетелдік көлікті таңдағанын, содан кейін құлыпты бұзып, көлік құралын іске қосып, қылмыс орнынан қашып кеткендерін жеткізді. Аталған адамдар уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Олардың басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру