Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Тараздық полицейлер мас күйде көлік басқарған жүргізушіні ұстады

Тараздық полицейлер мас күйде көлік басқарған жүргізушіні ұстады,  — деп хабарлайды Polisia.kz

Тараз қаласының көшелерінде полиция қызметкерлерімен түнгі мезгілде әкімшілік аумақты патрульдеу барысында ВMW автокөлігінің қозғалысы күдік туғызған. Алайда көлік жүргізушісі қызметтік автокөлікті байқап, жылдамдықты асырып, жүргізе бастаған. Аталған автокөлік полиция қызметкерлерімен тоқтатылды.

Жүргізілген сараптамалардың қортындысына сәйкес 48 жастағы жүргізушінің масаң күйде көлік басқарғаны анықталды.

Көлік иесі ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы (Жүргізушінің көлік құралын масаң күйде басқаруы) бойынша жауапкершілікке тартылып, жеті жыл мерзімінде көлік құралын басқару құқығынан айырылып, 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру