Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанайда өзгенің телефонын тауып алған азамат қылмыстық жауапкершілікке тартылады

Қостанайда өзгенің телефонын тауып алған азамат қылмыстық жауапкершілікке тартылады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицияға өзінің телефонын жоғалтып алған әйел кісі жүгінді. Ол телефонын жоғалтып алғаннан кейін банк картасындағы ақшаның азайғанын байқаған.

Телефонды тауып алған жас жігіт интернет-банкинг арқылы өзінің атына 378 мың теңге сомасында ақша аударған.

– Полиция қызметкерлері осы оқиғаға қатысы бар 23 жастағы күдіктіні ұстады. Ол өз кінәсін мойындады. Ақпараттық жүйені пайдалана отырып жасалған алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Оның мүлкі тәркіленіп, бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, – деді Қостанай облысы ПД киберқылмыспен күрес бөлімінің бастығы Олжас Мағыпаров.

Полицейлер азаматтарға телефонға Face ID-ді міндетті түрде орната отырып, банктік мобильді косымшаларында кұпия сөзді орнатуға шакырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру