Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанайда тәртіп сақшылары балалар үшін ерекше бағдарлама дайындады

Қостанайда тәртіп сақшылары балалар үшін ерекше бағдарлама дайындады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қостанай облысы ПД полицейлері қазіргі уақытта Бакиров атындағы демалыс базасында жазғы демалысты өткізіп жатқан Рудный балалар үйінің тәрбиеленушілері үшін ерекше бағдарлама дайындады.

Қостанай облысы ПД басшылығының бастамасымен Қазақстанда жарияланған «Балалар жылы» аясында «Полицейлермен бір күн» акциясы ұйымдастырылды.

Бірнеше сағат ішінде тәрбиеленушілер кинологтардың, кавалерия взводының жұмысымен танысып, орманда атпен серуендеді.

Сондай-ақ балаларға мерекелік концерттік бағдарлама қойылды. Полицейлер кітаптар, спорттық жабдықтар, тәттілер сияқты сыйлықтар табыстады.

– Өте қызықты болды, мен міндетті түрде полицей боламын!, – деп 7 жасар Әмір Бақаров өз әсерімен бөлісті.

Қостанай облысы ПД Кадр саясаты басқармасы бастығының орынбасары Қуаныш Дүйсебаевтың айтуынша, ведомство балалар үйіне 10 жылдан астам уақыт бойы қамқорлық жасап келеді. Осы уақыт ішінде кейбір тәрбиеленушілер полицияға жұмысқа орналастырылды. Осындай іс-шаралар мамандық таңдауға көмектеседі.

ЖҚАЖ қызметкерлері қылмыскерлерді ұстау бойынша көрсетілім көрсетті. Кавалеристер балаларға атпен серуендеуді ұйымдастырды, ал кинологтар қызметтік іздестіру иттерінің жұмысын көрсетті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру