Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанайлық полицей аязды күні оқушының үйіне аман жетуіне жәрдемдескен

Қостанайлық полицей аязды күні оқушының үйіне аман жетуіне жәрдемдескен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қыз ауылдың өзінде емес, жол бойында орналасқан саяжайларда тұрады. Сабақ аяқталғаннан соң балалар үйлеріне қайтты. Қыз бала күнде үйіне көлігімен алып баратын әпкесін күтпестен, жол бойымен Чапаев саяжайына қарай жүрді. Аяз көтеріліп, мектеп оқушысы қатты тоңып қалғандықтан, күшін жинап, көмек іздеп тас жолға көтерілді. Абырой болғанда, осы сәтте Қостанай облысы ПД ЖПҚБ ювеналды полиция тобының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Индира Нуруева өтіп бара жатты. Ол бірден тоқтап, жаурап қалған қызды көлігіне отырғызды.

Жылынғаннан кейін мектеп оқушысы қай жерде оқитынын айтты. Әрі қарай инспектор мектепке хабарласып, әпкесінің телефон нөмірін алып, онымен байланысқа шыққан. Бұл сәтте оқушының әпкесі мектепке келіп, қызды таба алмағандықтан, өз бетінше жақын маңдағы аялдамалардан іздей бастаған.

№30 мектеп пен 6-сынып оқушысының отбасы Қостанай облысы ПД ЖПҚБ ювеналды полиция тобының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Индира Нуруеваға бейнехабарлама арқылы алғыс білдірді. Онда олар полицейге жауапкершілігі мен бейжай қалмағаны үшін ризашылықтарын жеткізді.

– Маған алғыс жариялағандары туралы тіпті білмедім, таныстарым мектептің сайтынан көріп хабарлады. Әрине, бұл жағымды әрі күтпеген жаңалық болды. Алайда дәл сол сәтте мен бірінші кезекте, балаға қалай көмектесіп, оны тез арада үйне жеткізу туралы ойладым, – деді Индира Нуруева.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру