Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

QR-кодтағы қауіпсіздік: Атырауда полицейлер тұрғындарды интернет алаяқтардан сақтануға шақырды

Атырау облысы полиция департаментінің киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының ұйымдастыруымен өңірдегі бірқатар кофеханаларда интернет-алаяқтықтың алдын алуға бағытталған ақпараттық акция өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Акция барысында кофе стақандарына интернет-алаяқтардан сақтану, цифрлық сауаттылықты арттыру және жеке деректердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған пайдалы кеңестер мен QR-коды бар арнайы жапсырмалар орналастырылды.

Ерекше форматта ұйымдастырылған шара тұрғындардың назарын күнделікті өмірде жиі кездесетін киберқауіптерге аударып, қауіпсіздік ережелерін есте сақтауға мүмкіндік берді. Акция барысында 500-ге жуық азамат қамтылды.

Тәртіп сақшылары тұрғындарға интернет-алаяқтардың кең таралған тәсілдері, киберқылмыскерлерден қорғану жолдары, жеке мәліметтерді қорғау және цифрлық қауіпсіздік талаптары жөнінде жан-жақты түсіндірді.

Полиция қызметкерлері азаматтарды күмәнді қоңыраулар мен хабарламаларға сенбеуге, бөгде адамдарға банк картасының деректерін, SMS-кодтарды және құпиясөздерді бермеуге шақырады. Сондай-ақ QR-код арқылы ұсынылған пайдалы ақпаратпен танысып, цифрлық қауіпсіздік талаптарын күнделікті әдетке айналдырудың маңызын еске салады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру