Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Құқық бұзушылық та көршілердің бақылауында

Қызылордалық полицейлер «Көршілер бақылауы» бағдарламасын
тұрғындарға түсіндірді,-деп хабарлайды Polisia.kz.
Кеше құқық бұзушылықтың және мүліктік қылмыстардың алдын алу
мақсатында Қызылорда қалалық Полиция басқармасы басшылығының
бастамасымен №2 учаскелік полиция инспекторлары Үсербаев көшесінде
орналасқан көпқабатты үйлердің тұрғындарымен “Көршілер бақылауы” бағдарламасын түсіндіру мақсатында кездесу өткізді.
Аталған бағдарламаның мақсаты – бір үйдің немесе бір аудандағы
үйлердің тұрғындары өз аумағын қадағалау арқылы көрген бұзушылықтар
мен күмәндары туралы дер кезінде полицияға хабарлауын қамтамасыз етіп,
келіп түскен ақпаратқа байланысты дереу шараларды үйлестіру болып
табылады.
Кездесу барысында қоғамдық тәртіпті сақтау және құқық бұзушылықтың
алдын алу бойынша атқарылған жұмыстар туралы халыққа есеп берілді.
Сонымен қатар, олардың өтініштері мен ұсыныстары тыңдалып, назарға
алынды.Көршілер бақылауының жақсы қызметінің кепілі болып үй
тұрғындары мен полиция арасындағы ынтымақтастық және ақпаратпен алмасу болып табылады.
Аталған іс-шара басқа да аймақтарда жалғасын табатын болады.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру