Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Құқықтық тәртіп” ЖААІШ: Қызылордада мыңға жуық құқық бұзушылық тіркелді

Қызылорда полицейлері “Құқықтық тәртіп” іс-шарасының екі күнінде мыңға жуық құқық бұзушылық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Қызылорда қалалық ПБ қызметкерлері күшейтілген тәртіпте қызмет атқарып жатыр. “Құқықтық тәртіп” жедел алдын алу іс-шарасына 220 полиция қызметкері, Ұлттық ұланның 160 сарбазы жұмылдырылды.

Полицейлермен жүргізілген іс-шараның екі күнінде 970 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.

Оның ішінде отбасы тұрмыстық қарым-қатынас саласында жасалған құқық бұзушылықтың 31 дерегі, ұсақ бұзақылық бойынша 64 дерек, қоғамдық орындарда алкогольді сусындарды ішкен 53 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Автокөлікті масаң күйде басқарудың екі дерегі анықталды. Тыныштықты бұзу бойынша 42 факті, кәмелетке толмаған заңды өкілінсіз түнгі уақытта жүрудің 25 дерегі анықталды. Кәмелетке толмаған бес жасөспірімді бейімдеу орталығына жеткізілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру