Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Құжаттар ресімдеу бойынша жұмыстар ұйымдастырылып жатыр

Елімізде төтенше жағдай режимінің аяқталуына байланысты ҚР азаматтарына құжаттар ресімдеу бойынша жұмыстар ұйымдастырылып жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.


Төтенше жағдай режимі кезеңінде және ол аяқталғаннан кейін күнтізбелік 60 күн ішінде мерзімі өткен немесе өтетін жеке басты куәландыратын құжаттардың республиканың аумағында жарамды деп тану туралы ҚР Үкіметінің Қаулысы қабылданды (2020 жылғы 11 мамырдағы №283).


Қазіргі қалыптасқан жағдайға байланысты Көші-қон қызметі басқармасы қызметкерлері мен Абай, Әл-Фараби, Еңбекші, Қаратау ауданының Полиция басқармалары бірлесіп, жүріп-тұруы қиын егде азаматтар мен қарттардың үйіне барып, құжаттарын жаңарту бойынша сапалы қызмет көрсетті. Полицейлер жергілікті халықпен кері байланыс орнатып қана қоймай, олардың қорғаны екенін сезіндірді.


Полиция қызметкерлерінің осы бағыттағы жұмыстары өз жалғасын табады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру