Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылода облысында 184 адам әкімшілік жауапқа тартылды

Қызылода облысында 184 адам әкімшілік жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда қаласына және аудандарға кіру-шығу автомобильдік тасжолдарына қарулы блок-посттар және төтенше жағдай уақытында (сағат 23:00-ден 07:00-ге дейін) адамдардың коғамдық орындар мен көшеде жүруіне, оның құралдары қозғалысының еркіндігіне шектеулер қойылды.

Ойын-сауық, спорттық және басқа бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге тыйым салынып, құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен азаматтардың жеке басын куәландыратын құжаттар, олардың заттары, көліктер тексеріледі.

– Облыс көлемінде азық-түлік дүкендері, дәріханалардың жұмыс уақыты күнделікті сағат 21:00-ден 08:00-ге дейін тоқтатылды. Алкогольдік өнімдерінің сатылуына тыйым салынды. Кафе-барлар, мейрамханалар, қоғамдық моншалар, сауналар, спорттық ұйымдар, ойын-сауық орталықтарының жұмысына тыйым салынып, облыс аумағында орналасқан барлық қару-жарақ және арнайы құралдарды сататын дүкендер жабылды. Облыс тұрғындары сұрақтары бойынша 1414 call-орталығына немесе “102” арнасына хабарласуға болатындығын еске саламыз, – деді полицияда.

Сонымен қатар, ішкі істер органдарына 515 адам жеткізілді, олардың әрқайсының іс-әрекеттеріне құқықтық баға берілетін болады. Оның ішінде 184 адам әкімшілік жауапқа тартылды. Арнайы құрылған жедел-тергеу тобымен анықталған 72-і уақытша ұстау абақтысына қамалды.

7 қаңтарда әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында Байқоңыр қаласының 49 жастағы тұрғыны өзінің Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында арандатушылық сипаттағы жалған ақпарат таратқаны анықталып, оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 478-бабының 1-бөлігімен (Төтенше жағдай кезiнде құқықтық тәртiпті бұзуға итермелейтiн әрекеттер) әкімшілік хаттама іс-құжаттары рәсімделіп, процессуалдық шешім қабылдау үшін Байқоңыр қалалық сотына жолданып, сот шешімімен 30 тәулікке әкімшілік қамаққа алу түріндегі әкімшілік жазасы тағайындалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру