Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да ҚАЖ мекемелерінде ерекше жағдай режимі іске асырылады

СҚО-да ҚАЖ мекемелерінде ерекше жағдай режимі іске асырылады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен қаңтардың 5-19 аралығында төтенше жағдай режимі енгізілді.

Мекемелерде ұсталатын адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және төтенше оқиғаларға жол бермеу мақсатында Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінің 105-113-баптарында көзделген сотталғандардың, сондай-ақ тергеу-қамауға алынған адамдардың құқықтарын іске асыру бойынша уақытша шектеу шаралары қабылданды.

Осыған байланысты Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ҚАЖ мекемелерінің ішкі күн тәртібі уақытша өзгертілді:

  • “Skype” арқылы сөйлесулер, кездесулердің барлық түрлері тоқтатылды;
  • Сәлемдемелер штаттық режимде қабылданады;
  • Сотталғандарға және мекемелерде ұсталатын адамдарға тамақ өнімдерін сатып алу үшін электрондық дүкендер жұмыс істеп тұр.
  • Мекемелерде ерекше жағдай режимінің енгізілуіне байланысты ұсынылмаған кездесулер төтенше жағдай режимі аяқталған соң ұсынылатын болады.

Мекемеден тыс жерлерге шығу уақытша тоқтатылды. Қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінде жазасын өтеп жүрген сотталғандар жұмысқа орналасқан ұйымдардан кері шақыртылып алынды. Бұл шектеулер төтенше жағдай кезеңінде ғана қолданылады.

– Солтүстік Қазақстан облысының мекемелеріндегі жағдай тұрақты. Облыс мекемелері азық-түлікпен, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілген, қажетті коммуналдық-тұрмыстық жағдайлар жасалған. Барлық мүдделі тұлғалардан шектеу шаралары аяқталғанға дейін сабырлық сақтап, түсіністіктанытуларыңызды сұраймыз. Сондай-ақ, жалған ақпарат таратпауларыңызды өтінеміз, – деді СҚО бойынша ҚАЖД бастығы Рустан Ахметжанов.

Сотталғандардың туыстары қандай да бір мәселелер бойынша мына байланыс телефондары арқылы хабарласа алады:

8 (7152) 33-93-45 – СҚО бойынша ҚАЖД кезекші бөлімі;

8 (7152) 55-98-66 – СҚО бойынша ҚАЖД режим және қадағалау бөлімі

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру