Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда мекемесінде жеке куәлік мерзімдері өткен 12 сотталғанның құжаттары қайта жасатылды

Қызылорда мекемесінде жыл басынан бері жеке куәлік мерзімдері өткен 12 сотталғанның құжаттары қайта жасатылып берілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысы бойынша ЗК-169/1 тергеу изоляторындағы сотталғандарды құжаттандыру жұмысы бойынша Арнайы есепке алу бөлімі ұдайы түрде жұмыс жасап, қадағалау жүргізеді.

– Төлқұжаттың немесе жеке куәліктің болмауы – сотталғандардың бірқатар құқықтарын, мүгедектікті, әлеуметтік төлемдерді қамтамасыз етуге мүмкіндік бермейді, шартты түрде мерзімінен бұрын босату мүмкіндігін қиындатады. Бостандыққа шықаннан кейін адамның тұрғылықты жері бойынша тіркеуге мүмкіндігі болмайды, жұмыс табуда, зейнетақы алу кезінде қиындықтар туындайды, азаматтық құқықтық мәмілелерге қатыса алмайды. Сондықтан да қабылданған әрбір айыпталушы, не сезіктілер мен сотталғандар ҚР ҚПК 300-бабына сәйкес, жеке тұлғасын растайтын құжаттары болуы үнемі тексеріліп, бақылауда тұрады, – деді бөлім бастығы Фариза Сембаева

Мекемеде жыл басынан бері жеке куәлік мерзімдері өткен 12 сотталғанның құжаттары қайта жасатылып берілді. Сонымен қатар бүгінгі таңда мекемеге келіп түскен барлық азаматтардың құжаттары бар. Тек оларға уақытша ЖСН беру жұмысы жүргізілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру