Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда қарақшы тұрғынның үш ұялы телефонын тартып алған

Қарағандыда қарақшы тұрғынның үш ұялы телефонын тартып алған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарашаның 5-і күні Қарағанды ​​қалалық ПБ Орталық полиция бөліміне 18 жастағы қала тұрғыны арызданған. Жәбірленушіні белгісіз бір адам күш қолданып үш ұялы телефон мен 12 мың теңгені тартып алып кеткен. Келтірілген шығын көлемі 290 мың теңгені құрады.

Жедел-іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері “ізін суытпай” күдікті 23 жастағы жас жігітті анықтап, ұстады. Ол қылмысын мойындады. Айғақты заттар алынды.

ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы (Тонау) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру