Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысы бойынша тергеу изоляторында ашық есік күні өтті

Қызылорда облысы бойынша тергеу изоляторының №68 мекемесінде ашық есік күні өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шаруашылық қызметіне қалдырылған жазасын өтеп жатқан сотталғандарға туыстарымен, жақындарымен кездесуге рұқсат берілді. Сотталғандармен болған бұл кездесуге 20 туысы келді.

Алғашқы бақылап өткізу бекетінің қызметкерлері, келушілерді алдымен бақылау және қауіпсіздік шараларына байланысты , бірқатар қажетті тексерістен өткзіп, мекеме аумағына кіргізді. Одан соң, ашық есік күні шаруашылық жасағының сотталғандарының тұрғын үйлерін аралаумен жалғасты. Мұнда келген қонақтар қамаудағы туыстарының тұрмыс жағдайын өз көздерімен көрді.

Ыңғайлы атмосфераны тудырған жатаханада сотталғандар жақындарымен әңгімелесіп, үй шаруасындағы соңғы жаңалықтарды біліп, болашаққа бірлескен жоспарларын белгіледі.

– Әрине, мен ұлымды ақтамаймын. Ол жастықпен қылмыс жасады. Қылмысының жазасында өтеп жатыр. Перзентім үшін жүрегім ауырды. Бірақ бүгін оның сау, жақсы жағдайда тұратынын, мұнда оны жақсы тамақтандыратынын көріп, көңлім орнына толды. Әлі бір жарым жылы бар. Баламның бұдан кейін қайта бұзақылық жасамайтынына сенімдімін, – деді кездесуге келген сотталушының анасы.

Сотталғандардың туыстары кетерінде қоғамдық-пайдалы байланысты нығайту үшін жасалынған ашық есік күнінің маңыздылығын атап өтіп, мекеме әкімшілігіне алғыстарын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру