Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елорданың көңіл көтеретін мекемесінің клиенті әмиян ұрлаған

Елорданың көңіл көтеретін мекемесінің клиенті әмиян ұрлаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Байқоңыр ауданының ПБ криминалдық полиция қызметкерлері бөтеннің мүлкін ұрлады деген күдік бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Ақмола облысының 64 жастағы тұрғынын анықтады.

Тергеу барысында ер адам сағат 18:00 шамасында Иманбаев көшесіндегі кафеге келіп, келушілердің сыртқы киімдері ілулі тұрған киім-кешек бөлмесінде қызметкерлер жоқ екенін байқаған. Ілгішке жақындап, күртеше қалтасынан банк карталары бар әмиянды тауып алған. Содан кейін ол мекемеден шығып кетіп, жақын маңдағы дүкенге барып, ол жерде басқа біреудің картасымен сатып алған тауарын төлеген.

Ер адамға қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Ол мойындау көрсетпелерін берді, елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру