Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысы ПД-нің бастығы еңбегімен ерекшеленген полицейлерді марапаттады

Тұңғыш Президент күніне орай Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы еңбегімен ерекшеленген полицейлерді марапаттады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ҚР Тұңғыш Президенті күні қарсаңында Қызылорда облысының Полиция департаментінде мерекелік іс-шара өтті.

Қызылорда облысы ПД-нің бастығы Сұлтан Бектөре халықтың бейбіт өмірі мен егемендігіміздің құндылықтарын қорғау жолында еңбегімен ерекшеленген тәртіп сақшыларын марапаттады.

Сондай-ақ, шара барысында Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың құттықтау хаты оқылды.

Мерекелік іс-шарада қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп, халықтың құқығы мен бостандығының қорғалуы жолында ерекше көзге түсіп, үздік нәтижелерге қол жеткізгені үшін барлығы 158 полиция қызметкерлері марапатталды. Оның ішінде “Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі” медалімен полиция подполковнигі Сәкен Сыздық, полиция капитаны Ғабит Оспанов, ІІ дәрежелі “ІІМ-дегі Үздік қызметі” төс белгісімен полиция капитаны Табиғат Еркінбекұлы, полиция капитаны Бахытжан Агибаев, полиция лейтенанты Аскар Кункабаев, ҚР ІІМ-нің “Алғыс хатымен” полиция полковнигі Айдарбек Маншарипов марапатталды.

Айта кетейік, марапатталғандардың қатарында құқық бұзушылықтармен күресіп, құқықтық тәртіптің қамтамасыз етілуі жолында аянбай еңбек етіп жүрген төменгі құрылым қызметкерлері, аудандық полиция бөлімдері, қалалық Полиция басқармасының қызметкерлері де бар.

Салтанатты жиын барысында полиция қызметкерлері еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың биографиясымен, жасампаз идеяларымен, бастамаларымен танысты.

Сонымен қатар, мерекеге арнайы түсірілген “Тұңғыш Президенттің өмір жолы” бейнеролигі департамент қызметкерлерінің назарына ұсынылып, Нұрсұлтан Назарбаевтың ел игілігі жолындағы сіңірген еңбектері атап өтілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру