Қызылорда облысы ПД қызметкерлері республикалық жарыста топ жарды
Қазақстан тәжірибелік ату қауымдастығының ұйымдастыруымен 27-29 наурыз күндері Қонаев қаласындағы "Қайсар" полигонында карабин бөлімінен "Open Kalashnikov" және «"Semi-Auto Open" санаттары бойынша республикалық жарыс өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Аталған додаға еліміздің әр өңірінен барлығы 137 қатысушы қатысып, өзара мықтыны анықтады.
Жарыс қорытындысы бойынша Қызылорда облысы полиция департаментінің жылдам қимылдайтын арнайы жасағының қызметкерлері жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды.

Атап айтқанда "Open Kalashnikov" санатында 1-орынды Қызылорда облысы полиция департаменті жылдам қимылдайтын арнайы жасағының аға инспекторы Лаура Төлекова иеленсе, 2-орын осы жасақтың инспекторы Моншақ Қарлыбайға бұйырды.
Сондай-ақ "Semi-Auto Open" санатында 1-орынды жасақтың аға инспекторы Бахыткүл Самратова жеңіп алды. Ал 2-орынды осы жасақтың аға инспекторы Айдана Маханбетжанқызы иеленді.
Полицейлердің бұл жетістігі олардың кәсіби шеберлігі мен жоғары дайындық деңгейінің айқын дәлелі болып табылады.
