Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысында блок-бекеттерде жұмыс атқарған полиция қызметкерлері марапатталды

Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы карантин кезінде аянбай еңбек еткен қызметкерлерге алғыс білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Төтенше жағдай режимінде Қызылорда облысы Полиция департаментінің жеке құрамы ерекше режимде қызмет атқарды. Күні–түні рейдтік жұмыстарды жүргізіп, төтенше жағдай кезінде іске асырылатын талаптардың сақталуын қатаң қадағалады. Полицейлер медицина қызметкерлерімен, Ұлттық ұлан сарбаздарымен және еріктілермен бірлесіп қызмет етті.

Төтенше жағдай режимінде індеттің таралуына тосқауыл қою мақсатында қойылған бекеттер Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес өз жұмыстарын аяқтады.

“Біздің қызметкерлер 78 тәулік бойы карантин режимінің сақталуын қамтамасыз етті. Ішкі істер министрінің атынан медицина қызметкерлері, еріктілер мен полиция қызметкерлеріне алғыс айтамын. Алдағы уақытта да Мемлекет басшысы мен Ішкі істер министрінің еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы тапсырмалары мен нұсқауларын орындауға сенім білдіремін”, – деді Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы Сұлтан Бектөре.

Еріктілер полиция қызметкерлерімен қатар рейдтік шараларға қатысып, қауіпсіздік шаралары жөнінде тұрғындар арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Дәрігерлер адам өмірін құтқару үшін жанын салып, қызмет етті.

“Бүгін біз облысымыздағы орнатылған блокпосттардың бірінде осы оқиғаның куәгері болдық. Қор атынан, біз де қалтқысыз қызмет еткен полиция қызметкерлеріне алғыс білдіргіміз келіп отыр. Еріктілер қызметіне көңіл бөлген Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев мырзаға алғыс айтамын. 78 күн бойы сапта жүріп, аянбай еңбек еткен еріктілерге алғысым ерекше! Олар Айсулу Ерсайын, Салтанат Сауапова, Наталья Зорило, Татьяна Косарева, Олег Шакиев, Гүлсім Мунке”, – дейді “Волонтеры Кызылорды” Қоғамдық қорының жетекшісі Ольга Чебакова.

Министрдің бұйрығымен бес қызметкер “Грамотамен”, бес қызметкер Алғыс хатпен марапатталса, белсенді азаматтық ұстанымдары үшін жеті ерікті Алғыс хатпен марапатталды.

Облыс  және қала әкімдерінің Алғыс хатымен 10 қызметкер марапатталды.

Төтенше жағдай кезеңінде облыс аумағында 38 бекет жұмыс жасап, 1000-нан астам полиция қызметкерлері жұмылдырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру