Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысында мас күйде көлік басқарған жүргізушілер жауапқа тартылды

Қызылорда облысында мас күйде көлік басқарған жүргізушілер жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Облыс көлемінде өтіп жатқан “Құқықтық тәртіп” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Жаңақорған ауданының полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары тобының қызметкерлерімен мас жүргізуші анықталды.

10 ақпанда Жаңақорған ауданы Төменарық ауылында қоғамдық тәртіппен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету барысында Audi 100 көлігі тоқтатылды. Құжаттарын тексеру барысында аталған автокөлік жүргізушісі алкогольдік өнімді пайдаланғаны анықталып, аудандық емханасының нарколог-дәрігерінің қортындысына сәйкес “жеңіл дәрежелі” масаң күйде болғаны дәлелденді.

Автокөлік жүргізушілеріне қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабының 3-1 бөлігінің (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) талабына сәйкес әкімшілік іс қозғалып, жинақталған құжаттар аудандық сотқа жолданды.

Аудандық соттың қаулысымен мас жүргізушіге қатысты әкімшілік жаза ретінде 20 тәулік мерзімге қамаққа алынып, көлік құралын басқару құқығынан сегіз жыл мерзімге айыру туралы әкімшілік жаза қолданылды.

Сонымен қатар, сол күні Жаңақорған кентінде қоғамдық тәртіппен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету барысында Mercedes-Benz көлігі тоқтатылды. Құжаттарын тексеру барысында аталған көлік жүргізушісі алкогольдік өнімді пайдаланғаны анықталып, аудандық емханасының нарколог-дәрігерінің қортындысына сәйкес аталған азаматтың масаңдығы “жеңіл дәрежелі” екендігі медициналық қорытындымен бекітілді.

Көлік жүргізушілеріне қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабының 1-бөлігінің (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) талабына сәйкес әкімшілік істер қозғалып, жинақталған құжаттар аудандық сотқа жолданды. Аудандық соттың қаулысымен мас жүргізушіге қатысты әкімшілік жаза ретінде 15 тәулік мерзімге қамауға алынды. Сонымен қатар, көлік басқару құқығынан жеті жыл мерзімге айыру туралы әкімшілік жаза қолданылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру