Қызылорда облысында полицейлер бүлдіршіндерге жол ережесін түсіндірді
Қызылорда облысында полицейлер бүлдіршіндерге жол ережесін түсіндірді, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Жаңа оқу жылы қарсаңында Қызылорда облысы полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері “Заң мен тәртіп” қағидатын негізге ала отырып, балабақша бүлдіршіндерінің жол қауіпсіздігін сақтау мәдениетін қалыптастыру мақсатында "Назар аударыңыз, балалар!" профилактикалық іс-шарасы аясында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Іс-шара барысында полиция қызметкерлері бүлдіршіндерге жолда жүру ережелерін сақтаудың маңыздылығын түсіндіріп, бағдаршамның түстері, жол белгілері, жаяу жүргіншілер өткелі арқылы жолдан өту және көшеде қауіпсіз жүріп-тұру ережелері туралы ақпарат берді.
Балаларға жол қозғалысы қауіпсіздігі жөнінде қарапайым әрі түсінікті түрде кеңестер беріліп, олардың күнделікті өмірде жол ережелерін қатаң сақтау қажеттігі айтылды.
Профилактикалық іс-шараның басты мақсаты – бүлдіршіндердің жолдағы қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын ерте жастан қалыптастырып, жол-көлік оқиғаларының алдын алу.
