Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысында жол-көлік оқиғасы орын алды: екі адам көз жұмды

Қызылорда облысында жол-көлік оқиғасы орын алып, екі адам көз жұмды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2 қарашада Жаңақорған кенті Хорасан ата көшесінде Toyota Hilux және ВАЗ-2107 маркалы автокөліктері соқтығысты. Жол апаты салдарынан екі адам көз жұмып, тағы екеуі түрлі дене жарақаттарымен медициналық мекемеге жеткізілді.

Орын алған жол-көлік оқиғасы бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігімен (Автомобильдi басқаратын адамның жол жүрісі қағидаларын бұзып, абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соғу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.

Тиісті сот сараптамалары тағайындалды. Оқиғаның мән-жайлары анықталуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру