Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада көктайғақ салдарынан 30 жол-көлік оқиғасы болды

Қызылордада көктайғақ салдарынан 30 жол-көлік оқиғасы болды, передает Polisia.kz.

30 қарашада Қызылорда қаласында ауа райының қолайсыздығына байланысты көктайғақ салдарынан қала аумағында 30 жол-көлік оқиғасы болды.

Жол апатынан жарақат алған 3 қала тұрғыны ауруханаға көрініп, үйлеріне қайтарылды.

Автокөлік жүргізушілеріне Қазақстан Республикасының Әкімшлік құқық бұзушылық кодексінің 610-бабымен (Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне алып келген бұзушылығы) әкімшілік хаттамалар толтырылды.

– Жол бойында арнайы 14 автокөлік жұмылдырылып, құм-тұз себу жұмыстары жүргізілді. Қала тұрғындарынан жолда абай болуын және жүргізушілерден көлік жылдамдығын үдетпеуін сұраймыз. Жылдамдық режимін сақтау, сондай-ақ автомобильдер арасындағы қауіпсіз арақашықтықты, яғни дистанция сақтау және қысқы дөңгелектермен жабдықталу маңызды, бұл жолдағы күтпеген апаттың алдын алуға бірден-бір себепші болады, – деді Қызылорда қаласы Полиция басқармасының бастығы Әбдібек Жаназаров.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру