Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада мәдениет үйінен ұрланған телефон иесіне қайтарылды

Қызылордада мәдениет үйінен ұрланған телефон иесіне қайтарылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазақстан Республикасы ІІМ-нің Ұрлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2021-2023 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асыру бағытында басқарма қызметкерлері күнделікті профилактикалық шаралар өткізуде.

27 желтоқсан сағат 21:41 шамасында Қызылорда қалалық Полиция басқармасының полицейлері қала аумағында орналасқан мәдениет үйінің бірінші қабатында сахнасында тұрған Iphone 11 үлгісіндегі ұялы телефонын ұрлап кеткен ұрыны іздеу жұмыстарымен айналысты.

Ұрлыққа қарсы бағдарлама барысында Қызылорда қалалық Полиция басқармасының қызметкерлерімен ұялы телефонды ұрлаған қала тұрғыны ұсталды. Жәбірленушіге ұялы телефоны қайтарылып, ол басқарма қызметкерлеріне өз алғысын білдірді.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайлары анықталуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру