Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада масаң күйде көлік басқарған жүргізуші қамаққа алынды

Қызылордада масаң күйде көлік басқарған жүргізуші қамаққа алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда қалалық Полиция басқармасының полицейлері жол қауіпсіздігі мен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында қызмет атқару барысында “BMW” автокөлігін мас күйінде тізгіндеген 49 жастағы жүргізушіні анықтады.

Ағымдағы жылдың 24 қазан күні сағат 13:40 шамасында тәртіп сақшылары “BMW” маркалы автокөлігін​ жол қауіпсіздік ережелерін өрескел бұзғандығын байқайды. Патрульдік полиция қызметкерлері аталған автокөлікті дереу тоқтатып, тексеру жұмыстарын жүргізді.

Нәтижесінде, 2019 жыл көлік тізгіндеуші азамат соттың шешімімен оның Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабының 1-бөлігімен көлік құралын жүргізу құқығынан үш жылға айырылғандығы белгілі болады. Бірақ көлік құралын басқару құқығынан айырылса да, бұл азамат көлік құралын мас күйде қайта басқарған.

Патрульдік полиция қызметкерлері диспансерге жеткізіп, сараптама қорытындысына сай азамат ​орта дәрежедегі мас күйінде болғандығы анықталды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 346-бабы 1-бөлігі (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Автомобиль қазіргі уақытта айыппұл алаңында. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру