Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада қозғалыстың жас инспекторлары жасақтарының облыстық байқауы өтті

Қызылордада қозғалыстың жас инспекторлары жасақтарының облыстық байқауы өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жол қауіпсіздігі – ел қауіпсіздігі. Әсіресе, жол қозғалысына қатысушылар арасында балалардың жолдағы қауіпсіздігі қашан да маңызды. Өңірде тәртіп сақшылары жол қауіпсіздігін сақтап, балалармен болатын жол апаттарының алдын алу мақсатында көптеген игі шараны жүргізіп жатыр. Олардың бірі қозғалыстың жас инспекторларына алналған байқауы.

Обыс орталығында өткен бұл байқауға 7 ауданнан барлығы жеті команда қатысты. Байқау барысында 7 сайыс бойынша 70-тен астам бала қатысып, ережеге сәйкес бақ сынасты. Байқау нәтижесі бойынша жүлделі 3-орынды Қармақшы ауданының №279 мектеп-лицейі, 2-орын Арал ауданы №83 орта мектебі иеленіп, Сырдария ауданы №210 орта мектебі жеңіс тұғырынан көрінді.

«Саптық байқау» сайысында 3-орын Арал ауданы №83 орта мектебі, 2-орын Сырдария ауданы №210 орта мектеп, 1-орын Қармақшы ауданы №279 мектеп-лицейі иеленді. «ЖҚЕ» сайысында 3-орынды Арал ауданы №83 орта мектебі, 2-орынды Жалағаш ауданы 31 мектеп-гимназиясы, 1-орынды Сырдария ауданы №210 орта мектебі иеленді.  Үгіт бригада бөлімінде 3-орын Қазалы ауданы №25 орта мектебі, 2-орын Қармақшы ауданы №279 мектеп-лицейі, 1-орын Арал ауданы №83 орта мектебіне бұйырды. «Жас санитар командасы» 3-орын Сырдария ауданы №210 орта мектебі, 2-орын Шиелі ауданы №127 мектебі иеленсе, Арал ауданы №83 орта мектебі жеңімпаз атанды.

«Жас реттеуші» сайысында 3-орын Қазалы ауданы №25 орта мектебі, 2-орын Шиелі ауданы №127 мектебі, 1-орын Сырдария ауданы №210 орта мектебі иеленді. «Эрудиттер» сайысында 3-орын Шиелі ауданы №127 мектебі, 2-орын Жалағаш ауданы 31 мектеп-гимназиясы, 1-орынды Сырдария ауданы №210 орта мектебі алды. «Ашық үзіліс» сайысында командалар арасында Сырдария ауданы №210 орта мектебі жеңімпаз атанды.

Іс-шара соңында жеңімпаздармен бірге осы сайыста оқушыларға жол қозғалысы ережелерін үйретіп, тәлім-тәрбие берген ұстаздары да марапатталды.

– Бүгінгі күні қозғалыстың жас инспекторлары жасақтары балалар арасында жолда қауіпсіз жүріс-тұрыс дағдыларын қалыптастырып, жол қозғалысының бiрыңғай тәртiбiне бағынатын сауатты шәкірттер дайындайтын мектепке айналды, – дейді Қызылорда облысы ПД бастығының міндетін атқарушы Ермахан Абдраманов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру