Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада сотталғандар арасында шағын футболдан жарыс өтті

Қызылордада сотталғандар арасында шағын футболдан жарыс өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №37 мекемесінің тәрбие бөлімі мен Шиелі аудандық жалпы орта білім беретін кешкі мектептің ұйымдастыруымен шағын футболдан жарыс өтті. Жарысқа 30-ға жуық сотталған қатысты. Қатысушылар төрт командаға бөлініп, жарыс көркін қыздырды. Спорттық жарыс өте тартысты өтті. Тартысты да қызықты өткен жарыста командалық есеп нәтижесінде 1-орынды “Алға” командасы алса, екінші, үшінші орынды “Орда” мен “Қыран” командалары өзара бөлісті. Барлық жеңімпаздар арнайы дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды.

– Мекемеде жазасын өтеуші азаматтармен түрлі деңгейлердегі спорттық жарыстарды жүйелі түрде ұйымдастырып тұрамыз. Сотталғандардың бос уақытын тиімді пайдалану, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында өткізілген спорттық шараға қатысушылардың барлығы да белсенділік танытып, өздерінің спортқа деген оң көзқарастарын көрсете білді.Салауатты өмір салтын ұстануға бағытталған игі шаралар да алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады, – деді мекеме тәрбие жұмысы бөлімінің бастығы А.Уайдаев.

– Бүгінгі спорттық ойын өте қызықты әрі тартысты өтті. Мекемеішілік мәдени және спорттық шараларға белсене қатысамын. Өнерден де кенде емеспін домбыра тартамын, өлең айтамын. Футболды мектеп жасынан ойнаймын. Бүгінгі жарыста командамыз белсенділік танытып, бірінші орын алдық. Ұйымдастырушыларға алғысым зор, – деді сотталған азамат.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру