Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордалық полицейлер аудан тұрғынынан тіркелмеген мылтық тәркіледі

Қызылорда облысының полицейлері Қармақшы ауданының тұрғынынан тіркелмеген мылтық тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

23 қаңтарда жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу барысында қызылордалық полицейлер Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Ақжар ауылының тұрғынынан 16 калибрлі тіркеуде жоқ аңшы мылтығын тауып, тәркіледі.

Зауытта жасалған мылтық ішкі істер органдарында тіркелмеген болып шықты. 

Айғақ зат Қызылорда облысы Полиция департаментінің Жедел-криминалистикалық басқармасына зерттеуге жіберілді.

Қазіргі уақытта аталған азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 482-бабының 1-бөлігі (Жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз иеленуі, беруі, өткізуі, сақтауы, алып жүруі, тасымалдауы) бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, жинақталған құжаттар сотқа жолданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру