Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордалық полицейлер Наурыз мейрамы қарсаңында ІІО ардагерлерін құттықтады

Қызылордалық полицейлер Наурыз мейрамы қарсаңында ІІО ардагерлерін құттықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің ардагерлер кеңесі мен қызметкерлері Наурыз мейрамы қарсаңында ардагер полицейлерді құттықтады.

Қызылордада полицейлер мейрамға орай ішкі істер саласында қызмет етіп, құрметті зейнеткерлік демалысына шыққан ардагерлердің үйіне арнайы барып, мейрамдарымен құттықтап, азық-түліктер жеткізді.

Алғашқы болып Қызылорда қалалық Ішкі істер басқармасында 40 жылдан астам еңбек еткен Тасбөгет полиция бөлімінің бастығы болып зейнеткерлікке шыққан Арыстан Әшіровке барды. Ол қонақтарға өзінің өмір жолы туралы қуана айтып, қызмет туралы естеліктерімен бөлісті.


Содан соң қызметкерлер Қанат Дәулетбаевқа барды. Ол 30 жылдан астам қызмет атқарып, Ішкі істер департаментінің Штаб басқармасының бастығы болып зейнеткерлікке шыққан.

Содан соң тәртіп сақшылары ұжымды әдеттегідей ақжарқын күлімсіреп қарсы алған Разия Исенғазиеваға қонаққа барды. Ол Қызылорда облысы Ішкі істер департаменті жанындағы Ақпарат орталығының бастығы қызметінен зейнетке шыққан.

Ұрпаққа игілік пен ізгіліктің, пайым-парасаттың үлгісін танытқан ардагерлер департамент басшылығына алғыстарын білдірді.

– Бізді елеп-ескеріп, мейрамда құттықтап, өз сый-сыяпаттарыңды ала келгендеріңе алғысымыз шексіз. Ауыр қызметтеріңе тек қана табыс, өздеріңе шыдамдылық пен зор денсаулық тілейміз, – деп ақ баталарын берді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру