Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысында 500-ден астам шетелдік жауапкершілікке тартылды

Жамбыл облысында 500-ден астам шетелдік жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Мигрант” жедел -алдын алу іс-шарасы барысында көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 504 шетелдік азамат жауапкершілікке тартылды.

Заңсыз еңбек қызметін жүзеге асырғаны үшін 117 мигрантқа қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды.

– Шетелдіктерді қабылдайтын Қазақстан азаматтарының көші-қон заңнамасының нормаларын бұзғаны үшін 260 адам жауапкершілікке тартылды. Шетелдік жұмыс күшін заңсыз тартқаны үшін 40 қазақстандық әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деді Жамбыл облысының Полиция департаменті Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Арман Тұрдалиев.

123 шетелдік сот шешімімен Қазақстан Республикасынан тыс жерге шығарылды. Оларға Қазақстан аумағына 5 жылға дейін кіруге тыйым салынды.

Сондай-ақ, бұрын шығарып жіберу туралы сот шешімін орындамаған және облыс аумағында заңнан тыс жүрген 14 шетелдік тұрғын мәжбүрлі түрде елден шығарылды.. Іздеуде жүрген 9 қылмыскер ұсталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру