Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордалық тұрғындар учаскелік полиция инспекторларына алғыстарын білдіруде

Қызылорда қаласының тұрғындары учаскелік полиция инспекторларына алғыстарын білдіруде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында “Жұртқа жақын полиция” қағидаты бойынша жергілікті полиция қызметін мейлінше тұтас реформалау қажеттігін айтқан болатын. Осыған орай учаскелік инспектордың рөліне баса мән берілуде. Учаскелік инспектордың мәртебесін заңнама арқылы арттырып, оның өнімді жұмыс істеуіне мол мүмкіндік берген жөн.

Бүгінгі таңда қала бойынша 14 учаскелік полиция пунктінде 79 учаскелік инспектор жұмыс істейді. Ж.Маханбетов ауылдық округінде орналасқан Қызылорда қалалық Полиция басқармасына қарасты №12 учаскелік пунктінің учаскелік полиция инспекторлары қызмет көрсететін аумақ тұрғындары өз учаскелік инспекторларына алғыстарын білдіруде.

Ж.Маханбетов ауылдық округінің мәліметі бойынша тұрғын үй алабында тұратын халық саны 10 500 адамды құрайды.

Бұл аумаққа қызмет көрсететін Қызылорда қалалық Полиция басқармасы жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторы Тұрсын Құрманғазыұлы ішкі істер органдарында он үш жылдан бері қызмет етіп келеді.

Ж.Маханбетов ауылының жергілікті тұрғыны болғандықтан, полицияға шамам келгенше көмектесемін. Бұл жер қаланың шеткері аймағы және мұнда халық саны көп. Бірақ, учаскелік инспекторлар саны аз. Соның өзінде біздің учаскелік инспекторымыз жақсы жұмыс істеп жатыр. Біріншіден, қандай жағдайда да шақырсаң, тез жетеді. Инспекторымызға айтар рахметіміз бен алғысымыз шексіз. Расымен басымызға іс түскенде осы қызмет иелерінің көмегіне жүгінетініміз ақиқат. Күндіз де, түнде де, ыстық пен суықта да ел тыныштығын күзетіп сапта жүретін жанкештілер – осы полиция қызметкерлері, – деді Қоғамдық кеңес төрағасы болып табылатын зейнеткер Өмірсерік Абуов.

Гульнара Ахметова да жеті жылдан бері Ж.Маханбетов ауылдық округінде тұрады екен. Ол да учаскелік инспектордың жұмысына көңілі толатындығын айтты.

– Өз басым учаскелік инспекторды екі рет шақырттым. Бірінде әмияным ұрланды, оны “ізін суытпай” дереу тауып берді. Екіншісінде, қоқыс мәселесіне қатысты шақырдым. Қазір тұрғындар да үйренді, бұрынғыдай қоқыс қалдырмайтын болды. Өз тарапымыздан инспекторға көмектесеміз, ауланы бақылап жүреміз, мас адамдар жүрсе ескертеміз, – деді ол.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру