Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

РФ азаматына Қазақстан аумағына 5 жылға дейін кіруге тыйым салынды

Ресей Федерациясының азаматына елге 5 жылға дейін кіруге тыйым салынды, – деп хабарлайды Polisia.kz. 

2020 жылы Ресей Федерациясының азаматы Қазақстанға келіп, Астана қаласында болғанында қылмыс жасағаны белгілі болған еді. Елорданың Сарыарқа аудандық сотының үкімімен 40 жастағы ер адам істі болып, оған пробациялық бақылау тағайындалып, шартты жаза түрінде жаза белгіленген болатын.

Алайда ер адамның Ертіс ауданына келгендігі жайлы көші-қон қызметінің қызметкерлері анықтады. Полицейлер осы ер адамға қатысы азаматтық сот ісін жүргізу шеңберінде сотқа талап арыз жолдады.

– 2020 жылғы 20 желтоқсанда аудандық сот полиция бөлімінің талап арызын қанағаттандырды және Ресей Федерациясының азаматы соттың шешімімен заңнаманы бұзғаны және қылмыс жасағаны үшін Қазақстан Республикасының шекарасынан шығарылды. Сондай-ақ оған 5 жыл мерзімге дейін Қазақстан аумағына кіруге тыйым салынды. Ер адам біздің еліміздің аумағынан шығарылды, – деді Павлодар облысы Ертіс ауданы полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары Серік Үсенов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру