Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Сәтбаевта дүкен сатушысынан ұялы телефон ұрлаған күдікті ұсталды

Сәтбаевта дүкен сатушысынан ұялы телефон ұрлаған күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

9 қаңтар күні Қарағанды облысы Сәтбаев қалалық полиция бөліміне 30 жастағы қала тұрғыны арызбен шағымданған. Жәбірленуші қаладағы дүкендердің бірінде сатушы болып жұмыс істейтінін және жұмыс күндердің бірінде белгісіз сатып алушы сөреде тұрған ұялы телефонын ұрлап кеткенін айтқан. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 150 мың теңгені құрады.

Аталған қылмысқа қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

26 қаңтар күні криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 29 жастағы азамат ұсталды. Ол мойындау көрсетпе белгілерін берді. Ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Полиция қызметкерлерімен күдіктінің осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру