Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Семейде 51 жастағы борышкер үш жыл бойы жасырынып жүрген 

Семейде 51 жастағы борышкер үш жыл бойы жасырынып жүрген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Семей қаласы Полиция басқармасының көші-қон қызметі бөліміне жол-көлік оқиғасы салдарынан залал келтірген 51 жастағы борышкерге іздеу жариялау туралы жеке сот орындаушысының қаулысы келіп түскен.

Белгілі болғандай, ер адам 2019 жылы шаруа қожалығында трактор жүргізушісі болып жұмыс істеген, мас күйінде жол-көлік оқиғасына түсу салдарынан 500 мың теңгеден астам материалдық шығын келтірген, алайда үш жыл бойы қаражатты төлемей, қашып жүрген.

Күте шаршаған жәбірленуші 2021 жылы борышкерден ақша өндіріп алу үшін сотқа жүгінуге шешім қабылдады.

– Іздестіру іс-шаралары барысында көші-қон қызметінің қызметкерлері қысқа мерзім ішінде тәртіп бұзушының тұрған жерін анықтаған. Белгілі боғандай, ер адам Семейден Павлодар облысына көшіп кетіп, жеке кәсіпкердің қоластында жұмыс істеп жүрген, – деді ШҚО ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Ербол Бекпаев.

Енді қарызды өндіріп алумен жеке сот орындаушылары айналысады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру