Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Сауда орындары жіті тексерілді

“Пиротехника” профилактикалық іс-шарасы жалғасуда, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 15-желтоқсанынан бастап жаңа жылдық мереке қарсаңында облыс полицейлерімен адам өміріне қауіп төндіретін от шашулар мен заңсыз сату айнылымына тосқауыл қою мақсатында “Пиротехника” профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Бұл шара карантин талаптарының күшейтілуіне байланысты тәулік бойы атқарылып жатыр. Осыған байланысты Бәйдібек аудандық полиция бөлімі қызметкерлерімен аудандағы 20-дан астам шағын сауда орындары мен 10-нан астам үлкен сауда орындары жіті тексерілді.

Сонымен қатар сауда орындарының сатушыларына карантин талаптары мен пиротехникалық заттарды қолданудың қауіпсіздік ережелері, пиротехникалық бұйымдарды сатуда арнайы лицензияның болуы бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Айта кететін жайт “Пиротехника” профилактикалық шарасы 2021 жылдың 7-қаңтарына дейін жалғасатын болады.

Сондықтан Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға ескертеді, пиротехниканы пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау міндетті. Себебі от шашу кезінде адамдардың денсаулығына қауіп төнуі әбден мүмкін.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру