Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Есірткі қылмысымен күресушілердің сенім телефонына 250-ге жуық хабарлама келіп түскен

Жыл басынан бері Алматының есірткі қылмысымен күресушілерінің сенім телефонына 250-ге жуық хабарлама келіп түскен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Халықта есірткіге қарсы иммунитетті қалыптастыруға ерекше назар аударылады. Нашақорлықтың алдын алуға бағытталған 56 сыртқы жарнамалық таблоидтар – билбордтар шығарылды, олар адамдар көп жиналатын жерлерде, сондай-ақ, 79 LED экрандарда орналастырылған.

– Ақпараттық көрнекі тақталарда 8-705-549-70-25 “сенім” телефоны көрсетілген, ол арқылы есірткі қылмысымен күрес бөлімінің қызметкерлері хабарлама алады. Жыл басынан бері азаматтардан есірткіні тарату туралы ақпаратты қамтитын граффити сызбаларын қолдану фактілері туралы 216 ақпарат келіп түсті. Олар боялған. Сонымен қатар, қала Әкімдігінің қолдауымен “Қазақстан еріктілер лигасы” қоғамдық бірлестігінің қатысуымен қоғамда ішкі істер органдарының жағымды имиджін қалыптастыру бойынша белсенді жұмысты қамтамасыз ету мақсатында “Алматы есірткі трафаретінсіз” науқаны өткізіліп жатқанын атап өткен жөн. Трафаретпен боялған жазулардың орнына Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 299-1 бабының нормаларын түсіндіретін ақпараттық парақтар орналастырылған. Жыл басынан бері қала аумағында есірткі заты бар 361 граффити-сызба табылды және боялды, – деді, Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Берік Әбілбеков.

Есірткіге қатысты қылмысқа қарсы күрес Басқармасының хабарлауынша, бұрын Бостандық ауданында граффити-суреттерін салғаны үшін ұсталған К.есімді азамат үш жылға бас бостандығынан айырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру