Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Семейде мас жүргізуші 15 тәулікке қамауға алынды

Семейде мас жүргізуші ұсталды 15 тәулікке қамалып, жеті жылға көлік басқару құқығынан айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Семей қаласында патрульдік полиция қызметкерлері автокөлікті алкогольдік масаң күйде басқарған жүргізушіні тоқтатты.

Сағат 23:42-де Республика көшесінде полиция қызметкерлерінің назарына ВАЗ-2109 автокөлігі ілікті. Рөлде Семей қаласының 44 жастағы тұрғыны Әділет Тылекенов болған.

Жүргізуші көлік басқарудан шеттетіліп, медициналық куәландыруға жеткізілді. Сараптама оның алкогольдік масаң күйде болғанын растады.

Сот шешімімен ер адамға 15 тәулік әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалып, көлік басқару құқығынан жеті жылға айырылды.

Жол қозғалысы қауіпсіздігі талаптарын сақтау — әрбір жүргізушінің міндеті. Көлікті алкогольдік масаң күйде басқару жүргізушінің өмірі мен денсаулығына ғана емес, жол қозғалысына қатысушылардың барлығына қауіп төндіреді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру