Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Сервистік полицияны енгізу бойынша құрылған топ қылмыстарды саралауда

Түркістан облысында сервистік полицияны енгізу бойынша құрылған топ қылмыстарды саралауда, – деп хабарлайды Polisia.kz

Түркістан облысының полицейлері Халықаралық қазақ-түрік университетінің ұстаздары мен студенттерін қатыстыра отырып, полицияның сервистік моделін енгізу бойынша жиналыс өткізді. Мұнда пилоттық режимге енгізілген Түркістан қаласында атқарылған және алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар айтылды. Кездесуде модератор ретінде Түркістан облысы Қоғамдық кеңесінің мүшесі, облыс әкімдігі жанында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ведомствоаралық топ мүшесі Зуппархан Чалданов жүргізді.

Келелі кездесуде Түркістан қалалық Полиция басқармасының бірінші орынбасары Шералы Абдраманов, Түркістан облыстық Полиция департаментінің инспекторы Көкаршын Қанат, Түркістан қалалық пробация бөлімінің инспектор-психологы Ақмарал Бекбай баяндама жасады. Полицейлердің баяндамасында көрсетілгендей, полицияның сервистік моделін енгізу бойынша құрылған топ қылмысты болдырмау және қылмыстың алдын алу мақсатында 2019-2021 жылдар аралығында тіркелген қылмыс түрлері бойынша талдау жүргізген.

Яғни, топ мүшелерімен қылмысты талдау барысында Түркістан қаласында соңғы 3 жылда ұрлық қылмысы төмендеп, керісінше алаяқтық қылмысы өскен. Осы себепті жастарға алаяқтарға алданбау керектігі ескертіліп, тура жолмен жүруге кеңес берілді. Полицияны қорғаным деп біліп, кез келген мәселеде көмек сұрауға болатындығы айтылды. Сондай-ақ студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, ашық әңгіме өрбіді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру