Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Ізін жасырмақ болған”: елордада ер адам қылмыс жасағаннан кейін автокөліктерді өртеген

Елордада ер адам қылмыс жасағаннан кейін автокөліктерді өртеген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында криминалдық полиция қызметкерлері елордада көлік құралдарын айдап әкету, ұрлау және өртеудің бірнеше сериясын жасады деген күдікпен Қырғызстан Республикасының 24 жастағы азаматын анықтап, ұстады.

“102 “арнасына ЖШС бірінің өкілінен түнгі уақытта Асан Қайғы көшесінде белгісіз біреудің құны 4 млн.теңге тұратын ВАЗ-21214 автокөлігін айдап әкеткені туралы хабарлама келіп түсті.

Байқоңыр ауданының ПБ автокөлікті заңсыз иемдену фактісі бойынша ҚР ҚК 200-бабы “Айдап әкету” бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Дәл сол күні елорданың тағы екі тұрғыны аталған көшеде белгісіз адамдар Chevrolet Ravon және LADA Priora автокөліктерін өртеп жібергені туралы хабарлаған.

ҚР ҚК 202-бабының 2-бөлігі бойынша “Өртеу жолымен жасалған бөтен мүлікті қасақана жою немесе бүлдіру” бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сондай-ақ, сағат 05.30-да полицияға автомагнитоланы ұрлау фактісі бойынша арыз келіп түсті. Күдікті терезені сындыру арқылы Mercedes автокөлігінің салонына кірген, кейін оны да өртеген. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

– Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынды. Ұсталған адам өз кінәсін мойындады, оның басқа қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде, – деді Байқоңыр ауданы ПБ бастығы Марат Әбиров.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру