Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шаһар полицейлері “Алматы – есірткісіз” науқанын өткізді

Шаһар полицейлері “Алматы – есірткісіз” науқанын өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Құқықтық тәртіп” республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы, сондай-ақ, “Ізгі істер марафоны” ұлттық жобасы аясында бүгін Алматыда есірткі қылмысының алдын алу мақсатында “Алматы – есірткісіз, есірткіге жол жоқ” науқаны өткізілді.

Науқан аясында тұрғын үйлердің, гараждардың және әкімшілік ғимараттарының қабырғаларына есірткінің таралуын насихаттайтын әр түрлі сайттардың жазулары бар трафареттер мен граффитилер боялды.

Қала тұрғындарына зиянды әдеттерге деген теріс көзқарасты қалыптастыру мақсатында “Есірткіге қарсымыз” деген жазуы бар бетперделер таратылды.

Науқан қала әкімдігінің, Алмалы ауданы әкімі аппаратының, үкіметтік емес ұйымдардың және “Қазақстан еріктілер лигасы” ҚҚ еріктілері, жастар саясатын дамытудың мемлекеттік қоры, ПИК өкілдері, шаһардың ПД ЕҚКБ мен Алмалы ауданының ПБ ЖПҚ қызметкерлерінің қатысуымен синтетикалық есірткінің таралуы туралы ақпаратты қамтитын граффити-жазуларды анықтау және жою бойынша алдын-алу іс-шарасы өткізілді.
Науқанға Алматы қаласы ПД ЕҚКБ алдын-алу бөлімінің, УПИ-нің, Алмалы ауданының ПБ ЖПҚ ЮПБ-ның бүкіл құрамы жұмылдырылды, сонымен қатар, 20 ерікті, 25 жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры, 29 ПИК өкілдері қатысты.

Барлығы Алмалы ауданының аумағында 213 граффити жарнамалары боялып, “Есірткіге қарсымыз” логотипі бар 500 көп рет қолданылатын бетперделер және “Есірткіге жол жоқ” логотипі бар 700 жадынамалар таратылды.

– Есірткі және психоактивті заттарды сақтау, сату фактілері туралы, сондай-ақ оларға қатысы бар адамдар туралы хабардар болған жағдайда, сіз анонимді сенім телефонына хабарлай аласыз: 8 705 549 70 25 Алматы қалалық ПД Есірткі қылмыстарымен күрес басқармасы, – деді Алматы қалалық ПД ЕҚКБ бастығының орынбасары С.Аяғанов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру