Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да кешкі мектеп қызметкері түрмеге тыйым салынған затты кіргізбек болған

Шығыс Қазақстан облысындағы колонияға шприцтерді, еріткіш заттарды, көкнәр, аммиак, трамадол және алкогольдің ерекше иісі бар пластмасса бөтелкелердегі сұйықтықтарды кіргізбек болғандар ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ОВ 156/2 және 156/3 колонияларының қызметкерлері тыйым салынған заттарды облыс мекемелеріне лақтыру және мекеме аумағына алып өтпек болғандарды ұстады.

Олардың арасында колониядағы сотталғандарға сабақ беретін кешкі мектептің қызметкері де бар, ол блокнот парағына SIM-карта жапсырып, мектеп құжаттарымен оны мекеме аумағына кіргізбек болды. Сонымен қатар, өсімдік тектес жасыл затты көлік ішіне жасырған КамАЗ жүргізушісі де ұсталды.

Сонымен қатар, Өскемен қаласының тұрғыны арнайы тәртіптегі колония аумағына шприц, трамадол және алкоголь салынған пакетті лақтырмақ болды.

– Барлық деректер бойынша Ертіс және Согра ББ жедел тобы шақырылды. Сондай-ақ, тыйым салынған барлық заттар тәркіленіп, ақпаратты есепке алу кітабына тіркелді. Барлық ұсталған азаматтар әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады. Сонымен қатар, кешкі мектеп қызметкері тыйым салынған заттарды алып кіруге тырысқаны үшін жұмысынан айырылуы мүмкін.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру