Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да қызметтік иттерді дайындау бойынша республикалық оқыту мектебінің мамандары семинар өткізді  

ШҚО-да қызметтік иттерді дайындау бойынша республикалық оқыту мектебінің мамандары семинар өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 3-5 желтоқсан аралығында Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің кинологиялық қызмет орталығының базасында тәжірибе алмасу, кинолог-мамандардың шеберлік деңгейін арттыру және кинологиялық қызметті дәріптеу мақсатында иттерді IGP, ОКД, ЗС халықаралық нормативтеріне дайындау бойынша республикалық оқыту мектебінің мамандары қатысқан семинар өтті. (IGP-бұл қызметтік иттің оны сәтті қолдануы үшін қажет Халықаралық сынақ стандарты, OKД – жалпы жаттығу курсы және ЗС-қорғаныс қызметі). Норматив үш бөлімнен тұрады: А бөлімі – ізге түсу  жұмысы, В бөлімі – мойынсұну, С бөлімі – қорғау.

Тренер ретінде Нұр-Сұлтан қаласынан Республикалық жаттықтыру мектебінің иттерді даярлау жөніндегі маманы, Қазақстан кинологтары одағының қатысушысы Артем Шахватов шықты.

Семинар қызметтік ит өсіруді дамытумен айналысатын қоғамдық ұйымдардың және әуесқой ит өсірушілердің бастамасы бойынша өткізілді. Полиция департаменті өз кезегінде осы мақсаттар үшін материалдық-техникалық жабдықтар, жаттығу алаңы және жаттығу бөлмелерін ұсынды.

Департаменттің кинологиялық қызмет орталығының қызметтік иттері әр түрлі көрмелер мен жарыстарға үнемі қатысады, сонымен қатар Өскемен қаласының мектептері, колледждері мен жоғары оқу орындарының оқушылары үшін Ашық есік күндері үнемі өткізіліп тұрады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру